Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"12 жастағы ұлым етеккір туралы сұрады": Роза коуч жыныстық тәрбиеге қатысты ойын бөлісті

Белгілі блогер, коуч Роза Әшірбаева жыныстық тәрбиеге қатысты жеке көзқарасын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Желі жұлдызы кіші ұлының сұрағынан тосылып қалғанын “Мамский әңгіме” подкастында жасырмады. 

“Жалпы, екі ұлыммен де ашық сөйлесеміз. Бірақ кіші ұлым менен етеккір туралы сұрады. Оған менің бастан-аяқ түсіндіргенім – жыныстық тәрбиеге қосқан үлесім деп ойлаймын. Ұлым негізі бәрін біледі. Менен тек емтихан алғысы келді. Егер осы сұрақты қойсам, анам қалай жауап береді екен деп сынады. Мен оған ұрсып тастаған жоқпын. Шай ішіп отырғанда ұлым келіп, сұрағын бетіме тіке қойды. "Мама, етеккір деген не?" деп сұрады. Ондай сұрақтың қоятынын білдім. Бірақ дәл осындай ерте болады деп ойлаған жоқпын. Ұлым ол кезде 12 жаста болатын. "О, қызық сұрақ екен. Планшетіңді әкел, мен саған түсіндіремін” дедім. Видео арқылы анықтап, бәрін көрсеттім”, – деді блогер.



Ол сөзін жалғай отырып, ұлына ондай кезде қыздарды мазақтап, күлуге болмайтынын да ескерткен. 

"YouTube-та арнайы видеолар бар. Ол жерде циклдің қалай өтетіні көрсетілген. Бәрін анимациялық түрде көрсетіп, қан осыдан шығады дедім. Кейде мектепте, кейде үйірмеге барған кезде қыздардың киімдері былғанған болса, мазақтамайсың, күлмейсің. Тек көмектесесің. Дәретханаға алып барасың, түсіндіресің. Егер мазақтайтын болсаң, жазаңды беремін" дедім. Ұлым түсінгендей болды, – дейді Роза Әшірбаева.

Еске салайық, "Мектеп оқушысы мүшеқапты білуі керек" деген блогер Нағимуша жыныстық сауат пәнін енгізуді ұсынған еді. 

Талқылау