"12 сиыр сауған кезім болған": Индира Расылхан таңғы алтыда тұрып жұмыс істегенін есіне алды
Индира Расылхан таңғы алтыда тұрып жұмыс істегенін есіне алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Танымал әнші балалық шағын есіне алып, әкесінің шаруа қожалығы болғанын айтып берді. Үйінде үш қыз болған Индира Расылхан демалысының қалай өткенін жеткізген болатын. Осылайша ол ауылдың қарапайым қызы болғанын байқатқан.
"Бір кездері менің әкемнің өзінің мал шаруашылығы болды. Сол шаруашылықта көмектесуіміз керек болды. Үйде үш қызбыз. Демалыс уақыттарында міндетті түрде сол жақта жүретінбіз", - деп есіне алды Индира Расылхан.
Тіпті өнер иесінің оннан артық сиыр, бие сауып, әкесіне жәрдемдескені де бар көрінеді. Ол осылайша мал шаруашылығымен айналысып көргенін айтып мақтанды.
"Таңертең сағат алтыдан 12 сиыр сауатын кездерім де болған. Тіпті арасында одан бөлек бие де сауатын едік", - дейді Индира Расылхан.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі