12 шілдеден бастап бетті жауып тұратын киім киюге болмайды: Полиция ескерту жасады
Фото: Polisia.kz
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім түрлерін киюге тыйым салынуына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz хабарлайды.
Жаңа норма 12 шілдеден бастап күшіне енді.
“Заңнамаға енгізілген түзетулердің басты мақсаты – азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қоса алғанда, олардың құқықтары мен бостандықтарын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұлғаларды сәйкестендіру және қоғамдық тәртіпті сақтау”, – дейді полиция.
Учаскелік инспекторлардың айтуынша, бұл тыйым азаматтың бет-әлпетін толық жауып, оның кім екенін анықтауға кедергі келтіретін киімдерге, атап айтқанда маска мен никабқа қатысты. Ал адамның жүзін жаппайтын хиджаб, шейла, химар, аль-амира сияқты діни киімдерді киюге рұқсат.
Алайда тыйымның:
- Ауа райына байланысты;
- Медициналық көрсетімдерге байланысты;
- Заң талаптарын орындау кезінде;
- Қызметтік міндеттерді атқару барысында;
- Азаматтық қорғау саласындағы қызметке қатысы жоқ.
Еске салсақ, Қазақстанда қоғамдық орында бет-әлпетті жауып жүруге ресми түрде тыйым салынған еді.
Талқылау

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
Жанна кез келген адам жарына адал болу үшін өзінің диагнозын айтуға міндетті деп санайды

Таеквондодан бас бапкер жалған құжат жасап, жасөспірімдер жарысына қатысқан: Министрлік оны жауапқа тартпаған
Бапкер жарысқа 2001 жылы қатысқан