12 мың қазақстандық бала Ұлттық қордағы төлемінен айырылып қалды

Ұлттық Банк басшысы Тимур Сүлейменов Қазақстан азаматтығынан бас тартқан 12 мың баланың “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасымен төлем алатындар қатарынан шығарылғаны туралы ақпаратқа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тимур Сүлейменов Мәжілісте “БЗЖҚ Ұлттық қордан 12 мың баланың төлемі тоқтатылғанын, ол қаражаттың басқа балалар арасында қайта бөлінген хабарлады. Балалардың атына қосымша қанша қаражат түседі” деген сауалға жауап берді.
Ұлттық Банк басшысы бағдарламадан шығарылған балалардың нақты санын білмейтінін айтты. Десе де Қазақстан азаматтығынан бас тартқан балалардың шынымен де төлем алмайтынын растады.
- 2025 жылы "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша түсетін қаржы мөлшері көбейеді
- "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша ақшаны алу ережелері бекітілді
Оның айтуынша, егер бала басқа елге кетсе, азаматтығын өзгертсе немесе басқа себептер болса балалардың жеке шоттарына аударылған қаражат жойылуы мүмкін.
“Дәл осындай жағдай болды. Нақты қанша баланың қаражаты қайта бөлінгенін айту қиын. Балалардың қашан жүйеге кіріп, шыққаны белгісіз. Егер бала Қазақстан азаматтығынан бас тартса, бұл оның және ата-анасының шешімі. Сол кезде бұл қаражат біздің жүйеде қалады да, басқа балалар арасында қайта бөлінеді”, – деді Тимур Сүлейменов.
Бұған дейін “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша екі жылда балалардың шотына 233 доллардан аударылғаны туралы жазған едік.
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр