"12 миллион теңгенің сөмкесі жолда қалды": Кішкентай қыз Ерке Есмаханға ерекше сыйлық тарту етті
Отандық жұлдызды жұп Raim мен Ерке Есмахан Ақтөбедегі концертінде қызық оқиғаға тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Еркеге көрермен арасынан кішкентай қыз шығып, ұстап жүрген сөмкесін берді. Өнер иесі жеке парақшасында тыңдарманына алғыс жаудырды.
“Мына сіңлім сөмкесін сыйлап жатыр. Эмоциямен беріп жіберген жоқсың ба?! Өзіңе керек емес па?! Ұстап жүрген сөмкең болмасын. 12 миллион теңге тұратын сөмкем жолда қалды. Көп-көп рақмет. Анасы “енді қыз туыңыз” деп жатыр. Жұғысты болсын! Тілектер қабыл болсын!”, – деп айтты өнер жұлдызы.
Сонымен қатар әнші әлеуметтік желіде тарап кететін өзі туралы қауесеттермен күресуді қойғанын сахнада айтып берді.
“Менің әр сөзім желіге тарап кететін болып жүр. Әлі күнге дейін халық жеке өмірімді талқылайды. Бірақ мен ондай дүниелерге мән бермеуге тырысамын. Менің бойымда батыс қыздарына тән қайсарлық пен батылдық бар. Сол үшін де түрлі сынаққа сынбай жүремін. Менімен бірге болғандарыңызға алғыс”, – деп ризалығын білдірді өнер иесі.
Фото: Өнер иесінің stories-і
Еске салайық, әнші бренд сөмкесінің құнын айтқан еді.