"12 миллион теңге кетті": Қазыбек Құрайыш түсірілім кезінде қиындыққа тап болды
Фото: https://www.instagram.com/kuraiyshev/
Танымал әнші Қазыбек Құрайыш клип түсіремін деп қиындыққа тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің түсірген клипі жарамсыз болып қалған.
“12 млн тг кетті. Мәселе ақшада да емес, біраз еңбек пен 2 ай уақыт сарп еттік. Соңында материалдың жартысын күйіп, клиптың сюжетін толық жоғалтып алдық. Ең керек моменттері кадрда жоқ", – деп жазды Қазыбек әлеуметтік желіде.
-
"Қазақ еліне – 1 бойдақ": Әнші Қазыбек Құрайыш өзіне некені тіркеу туралы өтініш түскенін көрсетті
-
"Жеңгетай болсам деймін": Ләйлә Сұлтанқызы әнші Қазыбек Құрайышқа қыз іздеп жүр
Әнші басты рөлді сомдаған актерлер мен командасына алғыс айтып, жағдайды сабырмен қабылдағанын жеткізді.
"Өз басым жүректен жіберіп тастадым. Әніміз 24 қазанда барлық платформаларда жарық көреді. Бірақ клипсіз бе, әлде сол күйі салып жіберейін бе?" – деп оқырмандарынан кеңес сұрады.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
