Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1,2 миллиард теңге мен 13 премиум кластағы көлік: "Asar Baspana" қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігі 8-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды операция кезінде "Asar Baspana" қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Агенттіктің мәліметінше, "Asar Baspana" қаржы пирамидасы тұтыну кооперативінің атын жамылған. 

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, асүй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30%-ына дейін пайда табуға уәде берген.

“Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді”, – делінген хабарламада.



Қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы ұсталып, олар екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Астанада биологиялық белсенді қоспаларды сатып алған зейнеткерлер 286 миллион теңгеге алданып қалған еді.

Талқылау