12 мамырдан бастап төлемді кешіктірген алматылықтар үшін электр энергиясы шектеледі
Алматыда 12 мамырдан бастап электр энергиясының төлемін кешіктерген тұтынушыларға жарық беру кезең-кезеңімен шектеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ru.freepik.com
“2025 жылы 12 мамырдан бастап "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның "ЭнергоСбыт" филиалы төлемдерін кешіктірген тұтынушылардың электр энергиясын кезең-кезеңімен шектеу шараларын енгізуді бастайды. Бұл шаралар күн сайын сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Бұл тек қарызы бар тұтынушыларға қатысты болады. Электр энергиясымен жабдықтау толық қарыз өтелгенге дейін уақытша тоқтатылады”, – деп мәлімдеді "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ.
Ақпаратқа сәйкес, борышкерлермен өзара келісім жылжымайтын мүлік иелерінің серіктестіктері (МҚК) және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері арқылы жүзеге асырылады. Бұл басқа тұрғындар үшін қолайсыздық туғызбайды.
Компания өкілдерінің айтуынша, электр энергиясын уақытша шектеу – шарт талаптарын бұзатын тұтынушыларға қатысты ең тиімді шаралардың бірі.
“Уақытылы төлем жасалмауы дебиторлық берешектің ұлғаюына әкеледі. Қазір Алматыдағы тұтынушылардың жалпы қарызы шамамен 1,2 миллиард теңгеге жетті. Абоненттерге қарыздың бар-жоғын алдын ала тексеріп, тиісті ақпарат алу үшін өздерінің “Тұрғын үй қатынасына” немесе тікелей Бірыңғай байланыс орталығына 356-99-99 нөмірі арқылы хабарласу ұсынылады”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанда 1 ақпаннан бастап электр энергиясының жаңа тарифі күшіне енетіні туралы жазған едік.