Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"12 бала бақылауға алынды": Алматы облысындағы мектеп оқушылары арасында тері ауруы тарады

Алматы облысы Қайнар ауылында оқушылар арасында тері ауруы тарап, оннан астам жасөспірімнен теміреткі вирусының белгілері табылды. Ата-аналар мектептің карантинге жабылуыан талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин/Жібек Жүсіпова

Теміреткі жұқтырған оқушылардың бірінің анасы Жібек Жүсіпова баласындағы тері ауруы спорт секциясындағы жаттығудан кейін анықталғанын айтады. Ол ұлының қарақұсындағы жараны желтоқсан айында байқаған. Кейін жара асқына берген. Ал мектеп директоры даурығатын еш себеп жоқ дейді. 

“Ешқандай шара қабылданбады. Алғаш рет бұл ауру Қарағандыдан ауысқан бір баладан қазан айында табылған. Сол оқушы менің ұлым баратын спорт үйірмесіне және осы мектепте жүрді. Яғни, жаттығуға қатыспайтын жеткіншектерге де вирус жұғуы әбден мүмкін. Бірақ бұл жайтты мектеп басшылығы да, жергілікті дермотолгтар да жоққа шығарғысы келеді”, – дейді Жібек Жүсіпова.

Мектеп әкімшлігі ата-ананың бұл сөзімен келіспейді. Айтуыларынша, ауруды анықтаған соң бірден қажетте шаралар қабылдаған.

“Микоз ауруы бізде мына мектеп сыртында жекеменшік күрес үйірмесі бар, сонда баратын балалардан анықталды. Қазіргі таңда бізде 6 бала ауырып жатыр справкамен. Бір бала СЭС-ке тіркелген. Қалғандарының бәрін дермотолог мамандарға жібердік. Барлық оқушыны, барлық сыныпты тексердік. Қазірге анықталған жоқ”, – дейді Қайнар орта мектебі директорының міндетін атқарушы Гүлжихан Кенизбаева.

Ал ауданға жауапты санитариялық-эпидемиология басқармасы ауылдағы ауру жайлы ата-ананың бірі арыз жазғаннан кейін ғана білген. 

“Ата-анасы айтпаса біз ол жағдай туралы даже білмеуші едік. Негізінде бала қайда шағымданды, қайда анықталды сол жерден бізге шұғыл хабар түсу керек болған”, – дейді Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Әсел Мырзахмет. 

Сондай-ақ маман бүгінде мектеп директоры айтқандай 6 емес, жалпы 12 бала бақылауға алынғанын айтады. Оның бірінде вирус бары расталып, ауруханағ жатқызылды. 

Аурудың ошағы спорт үйірмесінен тарады деген соң тілші жаттықтырушымен де тілдескен. Алайда ол мұны жоққа шығарды. Оның айтуынша, теміреткі сынды жұқпалы ауру үйірме ашылмай тұрғанда болған. 

 

Қазір Қайнарда шыққан ауруға қатысты тексеру жұмыстары жатыр. Әзірге бұл аурудан қайдантарағаны белгісіз.

Талқылау