Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

111 жастағы әйелдің ұзақ өмір сүруінің құпиясы белгілі болды

Жапонияның Сидзуока префектурасының Хамамацу қаласында 111 жастағы Масае Фурухаши ұзақ өмір жасаған әйел тұрады. Оның осынша жасқа жетуіне өмірдегі белсенділігі себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Longeviquest порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Фурухашидің ұзақ өмір сүруінің құпиясы оның өмір салтына байланысты болуы мүмкін. Бала кезінде ол күн сайын мектепке велосипедпен 12 шақырым жүріп барып, 12 шақырым жүріп үйне қайтқан. Кейін ол мұғалімге тұрмысқа шығып, төрт бала дүниеге әкелген. 27 жасында жесір қалған. 

Тіпті қарттық келген шақта да жапондық әйел ешкімнің көмегінсіз жүрген. Ол шамамен 90 жаста болғанда, велосипедпен жүруін жалғастырып, егістіктерге қараған. Ол көкөністерді өзі өсіріп,  сәндік өсімдіктерге күтім жасаған. 



Фурухаши өмір бойы қарапайым және теңдестірілген диетаны ұстанған. Таңертең ол умебоси жегенді ұнатады. Бұл құрамында лимон мен аскорбин қышқылының көп мөлшері бар тұздалған жапон өріктері. Умебоси шаршауды басып, тамақ ауруына көмектеседі.

Ұзақ өмір сүріп жатқан әйел әлі күнге дейін унагиді өзінің сүйікті тағамы ретінде санайды. Бұл өзен жыланбалықтары қосылған тағам. 

Талқылау