"11 жылдан бері бірге тұрамыз": Салтанат Бақаева ата-енемен тұрудың артықшылығын айтты
“Арнау” тобының солисі, актриса Салтанат Бақаева ата-енемен тұрудың артықшылығына тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/saltanat_bakayeva/
Өнер иесі кейбір уақытта ата-енесінен бөлек тұрғанын да блогер Бота Абдрамановаға берген сұхбатында айтып берді.
“Менің ата-енеммен бірге тұрғаныма – 11 жыл. Бөлек тұрған кездер болды. Бірақ жолдасым екеумізге ыңғайсыз болды. Өйткені балаларға қарайтын адам болмады. Бала күтушісіне, бөтен адамға мен баланы сеніп тастай алмайды екенмін. Одан кейін өнер адамы болғандықтан той, ән сапар деп жиі кетіп қаламыз. Мұның бәрі қиын болды. Ал бірге тұрған маған ұнайды. Бірақ болашақта балаларыммен бірге тұрғым келмес еді. Күйеуіммен бірге тұруды қалаймын", – деді актриса.
-
"Күніне 150 мың теңге": Әнші Салтанат Бақаева қаламақысын жасырмай айтты
-
"Танымай қалдық": Барби образындағы Салтанат Бақаева көпшілікті таңғалдырды
Айта кетейік, эстарда жұлдызы бір әулеттің жалғыз ұлына тұрмысқа шыққанын айтқан болатын.
“Біздің әулетте бөлек тұру деген әңгіме қозғалмайды. Өйткені жолдасым жалғыз ұл әрі үйдің кенжесі. Жолдасым – кәсіпкер, оның тіпті қолы тимейді. Сондықтан, ата-енемен бірге тұруды қолдайтын келіндердің бірімін” – деп шынын жасырмады әнші.