Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 жастағы Өркен Азаматұлының өліміне күдіктілердің суреттері жарияланды

Әжесінің еркесі туған ата-анасын анда-санда көрсе де, ештеңеден тарықпаған. Қосымша шахмат үйірмесіне қатысып, сабағын да жақсы оқыған үлгілі оқушылардың бірі болған. Өзінен кейінгі қарындасын өте қатты жақсы көріпті.

Безымянный

Қылмысқа тапсырыс беруші күдікті – Шәрипа Ақбердиева

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Өркенді мектептің алдынан алып кеткен көлік жүргізушісі, жауабында Өркеннің өгей шешесінің қызы Айдана Ақбердиева мектептің алдына Өркеннің қарындасы Нұраймен барғанын, ал Өркен көлікке отырғаннан кейін қарындасын қайта-қайта құшақтап, еркелеткенін, тіпті Өркенді оның өгей шешесі Шарипаның баласы деп түсінгенін айтқан. Руслан Муталиев адвокатына, мектептен шыққаннан кейін саяжайға апарып, жолақысын төлегеннен соң қайтып кеттім депті.

“Мен тек таныс Шарипаның өтініші бойынша, мектептен үйіне дейін жеткізуге келісімімді берген едім. Кейін Өркенді айтқан жерге Шарипа жолақысы ретінде бүтін 1000 теңге берген. Түсіндіңіз бе? – То есть мұның хабары жоқ бұл жерге”, – дейді Руслан Муталиевтің қорғаушысы Раушан Бейсенова.

Күні кеше ғана алматылық алтыншы сынып оқушысы Өркеннің өліміне қатысты күдікке алынған бес адамды екі айға қамау туралы қалалық сот санкция берді. Сот процесі кезінде күдіктілердің аты-жөні толық аталды.

2

Шәрипаның балалары – Тимур мен Айдана Ақбербиевтар

Өркеннің мәйіті табылған көшенің тұрғындары оқушының қазасына дейін де, одан кейін де бұл маңай өте қауіпті аумақ саналады дейді.

3

Күдіктілер Қадыржан Гулямов пен РусланМуталиев

37 жастағы күдікті әйел ұлы Темірді 15 жасында, қылмыстық істегі екінші күдікті – қызы Айдананы 17 жасында босанып алған. Кәмелетке толмай ана атанған әйел туралы көршілері де жақсы пікірде емес екені бұған дейін де айтылған.

Ұзақ жылдық тәжірибесінде қылмыс тақырыбын көп қозғаған журналист Жанбақыт Боранбаев заңға “өгей” сөзіне қатысты нақты түсінік енгізу керек деген пікірде.

“Өгей әке, өгей шеше, өгей баланың жағдайы ай сайын ба белгілі бір адамдар тарапынан тексеріліп, тұрмысы қалай, оқуы қалай, қысым жоқ па деген сияқты тексеріліп тұруы керек деп ойлаймын”, – деді “Қазақстан ZAMAN” газеті Бас редакторының орынбасары Жанбақыт Боранбаев.

Құқық қорғау органындағы жасырын ақпарат көздерінің бірі, “Бастапқыда Шәрипа Ақбердиева, ұлы мен туысын Шымкенттен алдырғанда, Өркенді өздері тұрған ескі үйге апарып, екі-үш күн әкесі іздеп келгенге дейін ұстап тұрғысы келгенін айтады”. Бірақ қылмыс сценариі басқаша бұрылып кетіпті. Қазір Өркеннің өгей шешесі кінәні өз ұлына аударып жатқанға ұқсайды.

Еске сала кетсек, 11 жастағы 6 сынып оқушысы 19 қаңтар күні жоғалып кетеді. Баланың жоғалғаны туралы оның әжесі сол күні кешке полицияға шағым түсірген.

22 қаңтарға қараған түні Өркен Азаматұлының денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың біріндегі жерасты ғимаратынан табылған.

Оқи отырыңыз:

Елімізде тіркеуге тұрмағандарға наурыздан бастап жаппай айыппұл салынады

Астанадағы Сирия келіссөздері кезінде журналистер төбелес шығарды

Оңтүстіктің тұрғындары солтүстікке көшіп келгендеріне өкініп отыр

Ақтөбелік шенеуніктердің мәдениетсіздігі жұртты шошытты

Талқылау