"11 мың теңге несиесін төлей алмады": Елдос "Колобок" анасының қиналған сәтін есіне алды
Танымал блогер Елдос Кәдірханов анасын айтып, көз жасына ерік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Подкастан скриншот
Блогер анасының қатты қиналған кезін “Taboo” бағдарламасында айтып берді.
“Анам 11 мың теңге несиесін төлей алмайтын. Жақындарымыз көмектесіп, төлеп беретін. “Әкем болғанда ғой” деп армандайтын кездер өтті. Қатарластарың әдемі киініп, жүргенде мен де киінгім келетін. Сол үшін 8-сыныптан жұмыс істеп кеттім. Жұмыс талғамадық, қандай жұмыс болса да, жасадық. 1 қыркүйекке жаңа киім алғың келеді. Сол үшін жұмыс істейтін едік. Егінге шыққан кез де болған. Бізде қазіргідей балалық шақ болмаған. Інім екеуміз бір-бірімізге арқа сүйеп өстік. Бауырым маған әлі күнге дейін “Сіз” деп сөйлейді. Анам кішкентай күнінен солай үйреткен”, – деді блогер.
Сонымен қатар анасының әлі күнге дейін немерелері үшін уайымдайтынын жасырмады.
“Інімнің ұлы Омар туғанда жүрегіндегі ақаумен туды. Бір минут демалмай қалған еді. Үй ішімізбен қатты қорқып кеттік. Ештеңе істей алмайсың. Дәрігерлер дереу көмек көрсетіп, аман қалды. Одан кейін қарындасым туды. Есімі – Дамеля. Ол туғанына 10 күн болғанда отаға түсті. Бірақ тағы да өсу керек деп ота нәтижесіз аяқталды. 10 айлығында Ресейге барып, сырқатынан айығып келді. Анам сол кезде қатты жылады. “Мені алшы, балаларды қинама” деп жылағанда өзімді қоярға жер таппадым”, – деді желі жұлдызы.
Еске салайық, блогер әкесінің кісі қолынан қаза тапқанын айтқан еді.