Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 миллион теңге жымқырған: Алматыда мектеп директорының орынбасары мен бухгалтер сотталды

Алмалы ауданының прокуратурасы мектептердің бірін тексеру барысында негізсіз жалақы есептеу арқылы, бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

"2019 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейінгі кезеңде мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бас бухгалтер және директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мемлекеттік бюджеттен төлемдерді негізсіз төлеген. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке 11 миллион теңге көлемінде залал келтірілді", – делінген прокуратура хабарламасында.

Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.



Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, Түркістан облыстық №1 перзентхананың бас дәрігері мен есепшісі пара алу және мемлекет мүлкін жымқыру бабы бойынша сотталғанын хабарладық. Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденіп, іс бойынша төрт айыпталушыға да айыппұл салынды. Сотталушы бұрынғы бас дәрігер мен есепші мемлекетке әрқайсысы 27 миллион теңгеден, ал кәсіпкерлер 15 және 20 миллион теңгеден төлеуге тиіс.

Талқылау