Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

103 жастағы әйел туған күнінде жерлеу рәсімі кезінде "тіріліп кетті"

Фото: Giannis Papanikos / Shutterstock / Fotodom  

Үндістанда туыстары егде жастағы әйелді кремациялауға дайындап жатқан сәтте, ол күтпеген жерден тірі екенін білдірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV-ке сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға сейсенбі, 13 қаңтарда Махараштра штатында болған. 103 жастағы Гангабаи Сахарені қозғалысы мен тынысы тоқтағаннан кейін қайтыс болды деп есептеген. Әйелді жерлеу рәсіміне дайындай бастаған: дәстүрге сай келесі күні оған жаңа ақ сари кигізіліп, мұрнына мақта тығылған, аяқ-қолдары байланған. Алайда көп ұзамай "марқұмның" жиені оның аяқ саусақтары қимылдай бастағанын байқайды.

Мақтаны алып тастаған кезде ұзақ жасаған әйел “тіріліп”, терең тыныс алған. Қайғы бір сәтте қуанышқа ұласқан, себебі бәрі “қайтыс болды” деп есептелген күн оның туған күні екенін еске түсірген.

“Бір сәттің ішінде аза қуанышқа айналды. Катафалкты кері қайтарды, ал қаралы шатыр жедел түрде жиналып алынды”, – деп жазады NDTV.

Қазір көршілері Сахарені “тірі ғажайып” деп атап кеткен. Ал оны көру үшін айналадағы ауылдардан адамдар арнайы келіп жатыр.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 15 Қаңтар, 2026 23:19