100 жастағы ақсақал мектепке барып оқып үйреніп жүр
Яхия ибн Файле есімді саудиялық өзінің сауатын ашу үшін арнайы мектепке барып білімін жетілдіріп жүр.
Саудияда «әл-Сада» деген орталық сауат ашумен айналысады. Аталмыш орталық орта білім беретін бағдарламалар бойынша сабақ береді, деп жазады muftyat.kz.
Осыны пайдаланған Яхия есімді ақсақал бүгінде оқу мен жазуда үйреніп алды. Сонымен қатар ол қасиетті Құранды да өз еркімен оқи алатын жағдайда жетті. Бұл оның бала күнінен бергі арманы екен. Осыған байланысты ақсақал өзінің дегеніне жетіп қуанышында шек жоқ екенін жасырмады.
Ақсақалдың білімге деген құштарлығын көрген оның Ибрахим есімді замандасы да алдағы уақытта мектеп табалдырығын аттауды көздеп отыр.
Тағы да оқыңыз:
14 жастағы қыз жазғы лагерге алкоголь мен есірткі алып өтпекші болды
Неліктен Шыңғысханның моласын іздеуге болмайды
Австралиялық кісі өлтіргіш қылмыскер пілдердің тамағын ұрлап зообақта жасырынған