Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100 мың шақырым жүрілген Exeed көлігінің иесі автодан байқаған негізгі мәселелерді атады

exeed txl

Фото: Exeed

Exeed TXL көлігінің иесі қытайлық кроссоверді иелік еткен кезеңде бетпе-бет келген мәселелерін санамалап берді. Сонымен қатар неліктен автоны сатылымға шығарғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Autonews.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Артем есімді автоәуесқой 2021 жылы ескі Nissan Murano көлігін жаңартуды ойға алыпты. Бұл кезде көлік 180 мың шақырым жол жүрген. Бастапқыда Murano-ның жаңа нұсқасын алуды ойлапты. Алайда көлікті алу үшін үш ай күту керек болған, сондай-ақ алдын ала төлем жасау қажет болған. 

Сондықтан Артем қытайлық модельдерді қарастыра бастапты. Ал Exeed TXL дизайны, жайлылығы мен толық жетекті болуымен қызықтырған. 

"Қытайлық көлік жолсыз жерлерді жақсы еңсереді. Толық жетек өзін тек жақсы қырынан көрсетті. Мен Кавказ тауларын толық жүрдім деп айта аламын", – дейді ол.

Көлікке ресми дилерде әр 10 мың шақырым сайын қызмет көрсетіліп отырған. Жүргізуші кейде 5-10 мың шақырымдық сапарларға да шыққанын жасырмады. Алайда бірнеше рет жол апатына да ұшыраған. Бірде тұрақта тұрғанда басқа көлік артқы есігі мен бамперін соғып кетсе, келесі жолы тас жолда жүк көлігінен ұшқан мұз алдыңғы терезесін сындырып кеткен. Терезені 15 мың рубль немесе 97 мың теңгеге ауыстырыпты. Тағы бірде радар қызметінде ақау туындап, шұғыл тежеу жүйесі өшіп қалған. Салдарынан көлік Lada Granta-ға соғылыпты.

Автоәуесқойдың айтуынша, иелік еткен кезеңде тежеуіш педалінің датчигін мен интеркулерінде мәселе туындаған. Екі жағдайда да мәселені дилерлік орталықта шешіпті.

Алдағы уақытта Артем жаңа көлік алуды ойлап жүр екен. Сондықтан Exeed TXL-ді сатылымға қойған. Бірақ әзірге тек алып-сатарлар мен автосалондар ғана көлікке қызығушылық танытыпты.

Назархан Уән
Бейсенбі, 12 Маусым, 2025 15:07
Талқылау