"100 елдің арасынан 21-орынға табан тіреді": Қайрат Нұртастың қызы АҚШ-та өнер көрсетті
Отандық шоу-бизнес өкілдері Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау Америкадан концерт қойып келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/kair_n/
Айта кетейік, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Испанияға екі ұлын ғана алып кетіп еді. Өйткені қыздарының бірі – Кореяға, екіншісі – Америкаға кетті.
“Мұхит асып, әлемдік сахнада өнер көрсетіп келген қыздан айналдым. Қыздар бұл сапарға жыл бойы дайындалды. Қыста аязға қарамай, жазда каникулға қарамай, аптасына жеті күн тер төкті. Жыл бойы қолдау білдірген ата-аналардың, әр қыздың көңіл күйіне қараған жаттықтырушының еңбегі теңіздей. Бұл жарысқа әлемнің жүзден аса мемлекетінен команда қатысты. Үздік деп жапондықтар танылды. Біздің қыздар 100 елдің арасынан 21-орынға табан тіреді. Мақтанамын. Алда талпынар бағыт бар. Pink-Girl енді аз ғана демалып, сабағына кіріседі. Алда жаңа оқу жылы, жаңа белестер, жаңа жоспар. Бұл жаздағы миссия орындалды”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, бұған дейін өнер иесінің үлкен қызы Корей елінің біліміне қызығып жүргенін жазған едік.
“Сезім дәл қазір Корей елінің университеттерімен танысып жатыр. Қай елде оқитынын әлі нақты шешкен жоқ. Барынша зерттеп көргісі келеді", – деп жазған болатын Сезімнің анасы.
Одан кейін бостандыққа шыққан Қайрат Нұртас балаларымен қауышқанын көрсеткен едік.