Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жылдан бері ауру анасын қолына көтеріп жүріп тамақтандырған ұлы елдің жүрегін елжіретті

Тайванда медициналық орталықтың біріне келуші ерекше көріністі суретке түсіріп, желіге жариялап жіберді. Ер адам егде жастағы әйелді матаға орап мойнына байлап тамақтандырып жүр.

Бұл сурет ғаламторда кең тарап, әлем елдері талқылай бастады.

Медициналық орталық қызметкерлері бұл азаматты бұрыннан білетін болып шықты. Ол 2007 жылдан бері анасының күтіміне қарап, орталықтың өзге де жалғызбасты науқастарына көмектеседі екен.

Тинг есімді жігіт әкесінің қайтыс болғанын айта отырып, анасының да мүгедектер арбасымен ғана жүретінін сөз етті. Анасының жүрегі ауырып, қысымы жиі көтеріледі екен. Сондықтан мерзімінен бұрын зейнетке шығып, анасына қарап жүр.

Тинг анасының жақында аяғын сындырып алғанын, сондықтан оның арбамен жүруі ыңғайсыз болғандықтан өзі көтеріп жүргенін түсіндірді.

Не дегенмен, бұл көпшілікке үлгі болар сауапты іс.

Жіберіп алмаңыз:

Биыл қандай жолдар ақылы болады?

Ислам Каримовтың қызы ешкім күтпеген суретін жариялады

Жапон боксшысы Головкинді жеңуге уәде етті

Талқылау