Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 жылым бекер өтті": Мадина Сәдуақасова жеке өміріндегі өкінішін жеткізді

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мадина Сәдуақасова өміріндегі өкінішін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Өнер иесі биыл тұрмысқа шыққанына 10 жыл толса да, үлкен той жасамағанын Revue News бағдарламасына айтып берді. 9 жылдан кейін үйлену тойын жасаған Айқын мен Жұлдызға қызығатынын жасырмады. 

“Менің ойымша бізде мұндай той болмайды. Үйде немесе шағын отбасымызбен тойлануы мүмкін. Бірақ мен әттең деймін. Өйткені мен осындай отырыстарды, мерекелік шараларды жақсы көремін. Барлық туыстарыңды, жақындарыңды, достарыңды жинап, у-шу болып тойлағанға не жетсін. Осындай кештер жасаған ұнайды маған. Қайтем енді?! 10 жылым бекер кетті. Ешқандай нәтиже алып келген жоқ. Сондықтан көндік", – деді әнші. 



Еске салайық, өнер иесі бала күнінде туған күнін тойламағанын айтып, ата-анасына ренішін айтқан еді. 

“Өзім бала күнімде бір де бір туған күнімді атап өтпегенмін. Сол кезде солай қалыпты болды ма, әлде менің ата-анамда тірлік, жұмыс көп болған соң ондайға мән бермеген бе, білмеймін. "Өз баларыма өлтіріп жасаймын туған күндерін!" деп айтатынмын. Олжас екеуміз Әнуарға 10 жыл бойы "super birthday party" жасап келеміз!”, – деп ағынан жарылған еді эстрада жұлдызы. 

Талқылау