Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 жылдан бері құжат тапсырып жүрмін": Нұрлан Еспанов атақ алу мәселесіне қатысты ренішін айтты

Фото: https://www.instagram.com/espanov_n/

Танымал әнші Нұрлан Еспанов атақ алу мәселесіне қатысты ойын айтып, реніші барын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі “Revue news” бағдарламасына сұхбат беріп, атақты жас күнінде алмағасын, бүгінде алудың ешқандай мән-мағынасы жоғын айтады. 

"Мен негізі көптеген әндерімді, жазған дүниелерімді өткізген едім. 10 жылдай қағаз тапсырдым. Біздің жасымыз да келді ғой, атаққа кешіктік қой. Шәмші Қалдаяқов атамыз "Өлер алдында атақ әкеп берсе не болды, бір атақтарың таусылып қалатындай" деп айтады ғой. Білмеймін, сол атақ бізге жетпей қалып жатыр ғой", –дейді әнші.


  • "Менің бағым шапты": Жарқынай Ханайым өзін сынағандарға жауап берді

  • "Баянның келіні "қайраткер" атанды": Қазақстандықтар "Халық әртісі" атағын алғандарға қарсы шықты


Еске салайық, қоғамда Әлішер Каримовтың атақ алғаны қызу талқыға түскен еді. Әнші Әміре 30 жасына дейін атақсыз қалғанына ренжіп, жазба жариялаған еді. 

“Эстарада әншісінің мансабындағы ең маңызды деген барлық конкурстарына барып, төбе көрсетсем де, биыл маған тағы да бұйыртпапты. Еш реніш емес, 30 жасыма дейін "Еңбек сіңірген қайраткері" атағын алу деген пенделік арманым болған. Кейінге қалады. Әріптестерімді маңызды марапаттарымен құттықтаймын", – деп жазды ол.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 17:24
Талқылау