10 жасар бала Қайрат Нұртастың клипіне айнытпай пародия түсірді (видео)
Жас буын өнер иелерінен үлгі алады, әншілерге қарап бой түзейді, солардың қылықтарын қайталайды. Әсіресе, елдің сүйіктісіне айналған жұлдыздарға еліктеуші жастар көп. Мәселен, мына кішкентай ғана бүлдіршін өскенде Қайрат Нұртас сияқты болуды армандайды екен, деп жазады Stan.kz.
Хитмен әншіге еліктеп жүрген жеткіншектің бейнебаянын желіге Гүлзира Айдарбекова жүктеді.
“Қайратқа ұқсаймын депті, тәп- тәтті балапан. Жас бүлдіршінге сіздер не дейсіздер?” – деп сұрады ол оқырмандарынан.
Желідегілер болар баланың қазірден-ақ Қайратқа ұқсап тұрғанын атап өткен. Кей тыңдармандар жас талантты көзілдіріксіз Төреғалиға ұқсатса, ендігілері “Қайраттың өзінен аумай қалған, мүмкін ұлы шығар” деп болжам жасаған.
Айтпақшы, есімі белгісіз жеткіншектің бейнебаяны Қайрат Нұртастың Жанар Дугаловамен бірігіп түсірген “Сен мені түсінбедің” клипіне қатты ұқсас.
Жіберіп алмаңыз:
Мемлекеттік марапатқа ие болған Сиви Махмуди жұрттың сынына ұшырады
Ninety one тобы алаяқ-кәсіпкермен соттасатын болды
Бүркіт пен Аиша шетелдің әнін 2 миллион теңгеге сатып алған (видео)