Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 тамыздан бастап Қазақстанда ChatGPT қызметі қымбаттайды

Қазақстанда chatGPT жазылымы қымбаттайдыФото: Getty Images

1 тамыздан бастап Қазақстанда ChatGPT жазылымының бағасы қосылған құн салығының (ҚҚС) енгізілуіне байланысты қымбаттайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

OpenAI 1 тамыздан бастап қазақстандық пайдаланушылар үшін ChatGPT жазылымының бағасына қосылған құн салығын (ҚҚС) қоса бастайды.

Ақылы нұсқаның бағасы қазіргі 20 доллардан 22,40 долларға дейін өседі. Бұл 12% мөлшеріндегі ҚҚС мөлшерлемесіне байланысты. Бұл өзгеріс барлық жеке пайдаланушыларға қатысты.


Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT-ді пайдалануына тыйым салынады

Өзбекстанда мұсылмандарға ChatGPT-ден жауап іздемеуге кеңес берілді


Ал ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жазылым үшін қосымша төлемнен босатыла алады. Ол үшін олар тамыз айына дейін аккаунтқа БСН енгізуі қажет.

Айта кетейік, OpenAI компаниясы биылғы жылдың мамыр айында Қазақстанда салық төлеуші ретінде тіркелген еді. Мемлекеттік кірістер комитеті компанияны ел аумағында электрондық қызмет көрсетуші ретінде таныды.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 24 Шілде, 2025 20:51
Талқылау