Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арақ ішіп алған сияқты": Желідегілер министр Бекетаевтың қазақшасын сынап тастады (видео)

Әлеуметтік желі қолданушылары ҚР әділет министрі Марат Бекетаевтың қазақша айтқан пікірін сынға алды. Айтуларынша, министрге ана тілін жөндеп үйрену қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент сайлауының қорытындысымен келіспеген мыңдаған азамат бірнеше аймақта бейбіт шеруге шықты. Әлем жұртшылығының назарына ілінген осы жағдайлардан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт шерулер туралы жаңа заң қабылдау керектігін айтты. Ал үкімет бұл құжатты халықтың пікірімен санасып дайындамақшы. 

Осы орайда елде өткен митингілерге қатысты министр пікір білдірген болатын. Алайда оның жауабынан бұрын, сөз саптауы көпшілікке ұнамай қалған сыңайлы. 

«Осы заң жобасы елмен, адамдармен талқылайтын болады. Содан кейін ғана парламентке енгізілетін болады. Ал қандай өзгерістер, не туралы болады – осы мәселелер туралы айту әлі ерте», - деді ҚР әділет министрі Марат Бекетаев. (Сөзі өзгеріссіз берілді.) 

 

Желі қолданушыларының бірі министрдің сөз саптауына ашуланса, енді екіншілері оны келемеждеп жатты. 

«Сөйлегеніне қарасаң, Марат ағамыз арақ ішіп алған сияқты», «Өзі де түсінбейді-ау не айтқанын», «Бұл не сөйледі? Сөзін дым түсінбедім. Не сөйлегенін біле ме?», «Ана тілін үйрену керек. Қазақ тілі өте әдемі. Былдырламай жайлы сөйлеу керек»,

«Ааа деп, осындай министрлерді қайдан тауып алады», «Бірінші кластың баласы сияқты әңгіме айтып отыр. Қазақ тілін білмейтін сауатсызға сұрақ қойып сіздер де», «Не деген тіл байлық десеңізші», «Сауатсыз, не айтып тұрғаныңды өзің түсіндің бе? 1-класс оқушысы да бұлай сөйлемейді» деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау