Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 млн теңгеге дейінгі мобильдік аударымдарды тексеру тоқтай ма - Ұлттық экономика министрлігі жауап берді

Сенат кулуарында вице-министрге мобильдік аударымдарды тексеру шегі өзгеруі мүмкін бе деген сұрақ қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock

"Мұндай ұсыныс айтылды, талқыланып жатыр. Бұл мәселе шешілу үшін, бизнестің уайымын жою үшін, сонымен қатар бюджет түсуіп тұруы керек кірісін жоғалтпас үшін түрлі нұсқа қарастырылып жатыр. Жаңа салық кодексін енгізу мерзімі - мамыр айы. Аз уақыт қалды. Мамыр айында жаңа жоба дайын болады, онда бәрі қамтылады. Ал мобильдік аударымдар оның кішкентай бөлігі ғана", - деді Жақсылықов.

Сондай-ақ, ол ұлттық банктің Қазақстанда тексеріс басталады дегеннен кейін мобильдік аударымдар саны азайғанын, тіпті банктерге қолма-қол ақша әкелуге тура келгені туралы ақпаратына түсініктеме берді. 

"Сіздер ұлттық банк кэшті жиі тасымалдауға тура келеді деп хабарлағанын өздеріңіз айттыңыздар. Бірақ біз қазіргі уақытта одан басқа теріс әсерді сезініп жатқан жоқпыз. Кәсіпкерлердің бір бөлігі шығынға ұшырағаны белгілі, себебі клиенттер ыңғайлылыққа үйреніп, қолма-қол ақшасыз жүруге дағдыланған. Олардың клиенттерінің көбі енді қолма-қол төлемге оралмайды. Сөйтеді де қолма-қол төлемсіз қабылдайтын кәсіпкерлердің қызметін таңдайды. Менің ойымша, кәсіпкерлер де осыған бейімделіп, қолма-қол ақшасыз төлем қабылдауға оралады", – деді вице-министр. 

Бұған дейін премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мобильдік аударымдарды бақылау мәселесі тағы бір рет қарастырылатынын мәлімдеген. 

Талқылау