Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 қаңтардан бастап қазақстандықтар Грузияға кіру үшін медициналық сақтандыру алуға міндеттеледі

1 қаңтардан бастап қазақстандықтар Грузияға кіру үшін медициналық сақтандыру алуға міндеттеледі

Фото: depositphotos.com

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық шетел азаматтары, оның ішінде қазақстандықтар да, Грузия аумағына кірген кезде жарамды медициналық сақтандыру және жазатайым оқиғалардан сақтандыру полисін алуға міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сақтандыру полисі турист елде болатын бүкіл мерзімді қамтуы тиіс. Құжат қағаз түрінде немесе электронды форматта да ұсынылуы қажет. Құжат ағылшын немесе грузин тілінде қабылданады және оны шетелдік те, грузиндік те сақтандыру компаниясынан рәсімдеуге болады.

Бұл жаңа талап барлық шетелдік туристерге қолданылады. Егер шекарадан өту кезінде сақтандыру полисі болмаса, шекара қызметі елге кіруден бас тартуға немесе полисті сол жерде рәсімдеуді талап етуге құқылы.



Грузия билігі міндетті сақтандыру енгізілуі туристердің қауіпсіздігін арттыруға және әсіресе төтенше жағдайлар кезінде денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға бағытталғанын түсіндірді.

Еске салсақ, 2025 жылдың 1 қазанынан бастап 21 жасқа толмаған қазақстандықтар Мысырға тек ата-аналарымен бірге немесе олардың нотариалды куәландырылған келісімі болған жағдайда ғана кіре алатынын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 23 Желтоқсан, 2025 19:12