"Жан дүниеге жылу береді": Әбдіжаппар Әлқожа әпкелеріне арнап жан тебірентерлік жазба жариялады
Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа көпшілікке үш қыздың ортасында өскен ұл екенін айтып, бауырларын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әпкесінің тойында сөз сөйлеп, қыз баланың мәртебесі биік екенін еске салды.
“Қыз баласы неге сонша ақылды болады екен?! Алла шебер ғой маған да дәл солай ақылды үш әпке берген. Роза Әлқожа айтпасам да, ел білетін қамқор ана, аяулы әпке ғой. Десек те мен осы өзімнің кенже әпкемді бұлай жүрегімді жарып тілек айтады деп ойламаған едім. Әке-шешеміз алтауымызды бір біріне тете қылып туған ғой. Сен менің тетемсің, ең жақынымсың дегенде мен өзімді әлемнің бауыры сезініп кеттім. Саған жағаласып тусам да, сенің маған жақын екеніңді осы бір ауыз сөзің маған енді түсіндіргендей. Жігітпін дегенде бәледеміз. Бірақ осы туыстыққа келгенде қыздардай ойланып, қыз баласындай жақын бола алмайды екенбіз. Розаның қамқорлығы бір бөлек. Перизат әпкемнің ақылы бір басқаша. Ал сенің мына сөздерің – менің ең жақыным екеніңді ұқтырды. “Қыз жат жұрттық” дейді. Бірақ жан дүниеге жылу беретін – өздерің. Бақытымды көру үшін бар болғандарың үшін рақмет! Нағашы болып қашан да жиендердің тай, тұлпарларын сыйлауға біз дайынбыз”, – деп жазды әнші.
-
"Жүрегім парша-парша болды": Роза Әлқожа марқұм Оразалы Досбосыновтың қызын ұзатты
-
"Ақшаны берген – сіздер": Әбдіжаппар Әлқожа қымбат Merсedes көлігін сатып алды
Еске салайық, "МузАрт" тойға шықпай ма?": деген Әбдіжаппар Әлқожа өзін "той әншісі" деп сынаған әріптесіне жауап берген еді.
“Иә, мен той әншісімін! "Музарт" тойға шықпай ма? Тоқтар, Саят, Досымжан, "Жігіттер", Қайрат ағалар тойға шықпай ма? Керек десеңіз, дәстүрлі әншінің, филармония әншілерінің талайын көрдік, эстрадалық әндерге дауыс жаздырып, тойда тіршілік етіп жүр. Ал бағдарламаға келгенде барлығы "руханият" деп әңгіме айтып қалады. Тойсыз елмен қауышу, тура осы қазақша әндер орындайтын адамдарға мүмкін емес нәрсе деп ойлаймын. Айтарым көп, негізі. Бірақ тоқтай білейін..." – деп ашуланған еді әнші.
Бұған дейін өнер иесі Мейрамбек Бесбаевтың қызына азан шақырып ат қойған еді.
Алматыда оқу ақысы 6 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген