Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дұшпандарыма мереке сыйладым": Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді

Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзін сынайтындарға үн қатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ardak_toleubai/

Жақында өнер иесі атышулы видео жариялап, ел талқысына түскен еді. Журналист Дина Төлепбергенмен сұхбаттасып, жан сырын ақтарды. 

“Мен сол видеом үшін кімнен кешірім сұрауым керек еді. Ешкімнің басын жарып, көзін шығарған жоқпын. Өздерің секілді журналистер іліп әкетті. Қазір ол видео парақшамда жоқ. Көрген сайын көңіл-күйім түседі. Сосын өшіріп тастадым. Бірақ таралып кетті. Дұшпандарыма да мереке сыйладым.Әбден тойлап, ауыздарына келгендерін айтты. Мен ондай сөздерге етім үйренген. Мән бермедім”, – деп жауап қатты әнші. 



Өнер иесінің сөзінше, сол таралып кеткен бейнежазбадан кейін де халықтың өзіне деген ықыласы өзгермеген. 

“Содан кейін ертеңіне тойға бардым. Халық керемет қарсы алды. Құшақтап, сүйіп, ыстық-ықыластарын білдірді. Бірде-бір адам мені кемсітіп, мұқатқан емес. Әлеуметтік желіде отыратындар мен шынайы халықтың айырмашылығын сезіндім”,  – деді Мақпал Жүнісова. 

Еске салайық, "1 литр қымыз іштім" деген халық әртісі ел алдында жан сырын ақтарған еді.

Талқылау