Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көшке қосқан тайлақтарыңды алып кетіңдер": Меруерт Түсіпбаева блогер қыз-келіншектерге үндеу жасады

ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева желі қолданушыларына үндеу жасап, жарияланған жазбасына түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva

Айта кетейік, өнер иесі желіде жеке өмірін паш етіп, "жылап жатқан" видеоларын жариялайтын қолданушыларды сынаған еді. 

“Менің жазбама қатысты адамдар хабарласып жатыр. Мен көптен бері сол туралы жазғым келіп жүрген. Негізі ол жаман үрдіс. Қабылдайсыздар ма, қабылдамайсыздар ма маған бәрібір. Ренжісеңіздер көшке қосқан тайлақтарыңызды алып кетіңіздер. Қанша адам, қаншама блогер, танымалдар, танымал емес жандар бар. Желіде толғатып жатқан әйелдер видеоларын жүктеуі ұят. Біз үлкендер тәрбие береміз ғой. Жыласаңыздар, іштеріңізден тығылып, оңаша жылаңыздаршы, қыздар. Не болса да, құпия мен мұңдарыңыз іштеріңізде өлсін. Қыздар! Сау басқа сақина тілемеңіздер! Құдай жылатпасын", – деп жазды Түсіпбаева. 



Еске салайық, өнер иесі қандай жағдай болмасын сабырлық танытуға үндеген жазбасы қызу талқыға түскен еді. 

“Көз жастарыңды сорғалатып, желіге видео салмай, жаныңдағы жарыңа, досыңа айт. Есікті тарс жауып, өзіңмен-өзің жыла. Тауға барып бар дауысыңмен айқайла, шарап іш. Трагедияны тұншықтыратын амал көп қой. Құдай үшін, көз жастарыңды көл қылып, видео салмаңдаршы. Сендер үшін жұрттан мен ұяламын. Онсызда жетісіп жүрген адам жоқ. Күліп жүрейікші, қыздар! Сырымызды ішімізде сары майдай сақтап, құпиялы-сырлы жұмбақ әйел болып жүрейік. Біздің проблемаларымыз кімге керек?!”, – деп ашуланған еді әнші. 

 

Талқылау