Үш баланың анасы ұлдарының күнделікті өмірін суретке түсіруді кәсіпке айналдырған (фото)
Техас штатының Арлингтон қаласындағы тұрғыны отбасылық сурет түсірумен айналысады. Сара Истер – кәсіпқой фотограф. Ол 4, 7 және 9 жасар ұлдарының қызықты сәттерін суретке түсіргенді жақсы көреді. Үш бала тәрбиелеп отырған ана ұлдарымның фотографы болғаннан рахаттанамын, дейді.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Ұлдарым кішкетай болған соң, өздерін суретке түсіріп жатқанын білмейді. Оларды күн сайын түсіремін. Мен барлық аналар секілді балаларымның тәтті де, қылықты сәттерін суретке түсіріп сақтап қойғым келді», – деп бөлісті фотограф.
Оларға суретке түсіремін деп айтсам, немен айналысып отырғандарын ұмытып кетеді. Сондықтан суреттер шынайы шықсын деп ұлдарыма білдіртпей түсіремін.
«Жыл сайын түсірген суреттеріме қарап қандай өзгерістер болғанына назар аударамын. Олардың сол кездегі ойыншықтары мен бөлмелері қандай болды соған да көңіл бөлемін»,-дейді ана.
«Ата-аналар балаларының ерте есейгенін қаламайды. Әр ана сәбиінің балалық шағындағы суреттерін сақтап қояды»,-дейді фотограф ана.
«Ұлдарым өскенде осы суреттерге қарап өздерінің бала кезде қандай күлкілі, тәтті және қылықты болғандарын көрсе екен деймін»,-дейді Сара
Мен олардың дәл осы сәттерін жадымда сақтап қалғым келеді. Сара ұлдарының тез өсіп келе жатқанын байқаған соң, оларды суретке жиі түсіре бастады.
Сара ұлдарының кейінгі ұрпақққа өздерінің балалық шақтағы естеліктерін көрсетіп, оларға да сол жағдайды жасауға тырысқанын қалайды. Сондай-ақ өзінің түсірген суреттерінің арқасында үш ұлы да балалық шақтың бір көрінісін көре алады деп ойлайды.
Жіберіп алмаңыз:
Арнайы құралдарсыз-ақ кәсіби фотограф болудың 18 қарапайым әдісі
Йога жаттығуын жасаған қыздың аяғы сынып, омыртқасына зақым келді
Тұрғындар анаконда буындырып жатқан итті құтқарып қалды (видео)
Тірі қолтырауынмен ваннаға түскен ер адам жұртты шошытты (видео)