Үндістанға қыдырып барған қарағандылық жігіт жадынан айырылып қалды
Гоада қарағандылық жігіт жадынан айырылып, ауруханаға түскен. Оған қазір орыстілді туристер көмек көрсетуге тырысып жатыр екен.
Бұл туралы NV хабарлайды.
Жас жігіттің не ақшасы, не құжаттары жоқ. Қайда тоқтағанын, дәрігерлерге қалай тап болғанын да білмейді. Болжам бойынша ол байктан құлап қалған болуы мүмкін. Өзін Руслан Забурдяев деген жігіт, Қарағанды қаласынан келгенін айтыпты.
“Гоа штатындағы Бамболима ауруханасында бір жігіт жатыр. Қазақстан азаматы. Гоаға Қарағандыдан 2017 жылдың 14 наурызында келіпті. Оны аты-жөні Руслан Забурдяев. Виза бір айға берілген. Бірақ, өкінішке қарай қай уақытта берілгенін білмейміз. Мүмкін overstay. Өтініш, кімде-кім оны таныса, бізге хабарласыңыздар”, – деп жазады қазіргі таңда Үндістанда жұмыс істеп жатқан, Алматы тумасы Катерина Шпес.
Егер, жігітті таныған болсаңыз мына сілтеме бойынша Катеринаға жаза аласыз.
Оқи отырыңыз:
Шыңғыс ханның моласын “тапқандар” Назарбаевтың рұқсатын күтіп отыр
Астраханда полицейлерді өлтірді деген күдіктілер тағы шабуыл жасады
Ақтауда көп балалы отбасы аяқ киім жөндейтін вагон ішінде тұрып келген
Ақтөбеде сыныптастары аяусыз соққыға жыққан баланың миында қауіпті ісік пайда болды