Үндістанда ер адам өзіне тұрмысқа шығудан бас тартқан сүйіктісін өртеп жіберді
Үндістандағы Хайдарабад қаласының полициясы 28 жастағы ер адамды тұтқындады. Ол өз сүйіктісін өлтірді деп күдіктелуде, деп хабарлайды BBC News басылымына сілтеп Stan.kz.
25 жастағы Сандхья Рани үйіне қайтып бара жатқанда бұрынғы әріптесі Картхик Ванга тап берген. Куәгерлердің сөзінше, екеуі ұрысып қалған кезде, ер адам жәбірленушіге жермай құйып, өртеп жіберген. Сол маңда болған адамдар әйелге көмектесуге асығып, жедел жәрдем шақырған. Бірақ әйел ауруханаға барар жолда көз жұмды.
Ранидің таныстарының айтуынша, Ванга соңғы екі жыл бойы оған ұсыныс жасап, шаңырақ көтеруге көндіре алмай жүріпті.
Әйелге қатысты жасалатын зорлық әрекеті Үндыстандағы ең маңызды мәселелердің бірі болып тұр. 2103 жылы мемлекет билігі осы сынды қылмыс үшін тағайындалатын жазаны күшейткен еді.
Оқи отырыңыз:
Баян Алагөзова тарихи телехикая түсірудің қиындығы туралы айтып берді
Әнші Бағлан Әбдірайымов басы дауға қалған Төреғали Төреәліні сын астына алды
Еліміздегі беделді «OrdaFM» радиосы Төреғалидың барлық әндерін эфирден алып тастады
Меруерт Түсіпбаева қарияға ұрысып, залдан қуған Төреғали Төреәліні сынап тастады
Өз концертіне келген қарияны қуып шыққан Төреғали Төреәлі елді шулатқан видеоға қатысты жауап берді