Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйленгелі жатқан Артур Төлепов алғаш рет сүйіктісі жайлы сыр шертті

Отандық шоу-бизнестегі бойдақ серілердің саны тағы бір жігітке кемімек. Бұл жолы жеке өміріндегі жағымды жаңалығын жеткізген Артур Төлепов. Арманындағы аруын жолықтырып, отағасы атануды көздеп жүрген ол іштегі бар сырын ақтаруға әзір. 26 жастағы актер осы уақытқа дейін ешкімге тіс жармаған эксклюзивті ақпаратты бірінші болып Stan.kz тілшісіне айтуды жөн деп шешті.

толееа

– Артур, сәлем! Көпшілік Артур Төлеповті «әмбебап әртіс» деп біледі. Актер, әнші тіпті жүргізушілік қырыңыз да бар. Алайда, аталған бірнеше өнердің қайсысы жаныңызға жақын?

– Маған актерлық жақын. Бірақ, «өнерге әркімнің-ақ бар таласы…» Егер бойыңа осының барлығы болса, неге қолданбасқа? Кейбір адамдар сөгіп жатады. Неге бір арнаны алмайсыңдар, неге анда-мында жүре бересіңдер деп. Мен келіспеймін. Ал, дәл қазір табыстың көзі жүргізішілік жағынан ғой…

толепееев

– Сөзіңіз аузыңызда! Өзіңіз айтқандай, актерлық жаныңызға жақын, бірақ табыстың көзін сауық кештерді жүргізу арқылы табады екенсіз. Алғашқыда Артурды актер ретінде білетін едік. Қазір кино саласындағы мансабыңыз сәл саябырсып қалған сияқты. Бұл пікірмен қаншалықты келісесіз?!

– Иә, кино әлемінде біраз үзіліс болды! Дәл қазір ұсыныстар келіп жатыр. Алдағы уақытта мүмкін тарихи киноға түсіп қалуым ықтимал. Толықметрлі картина. Бірақ 100 пайыз сенімді емеспін.

– Шығармашылықтан жеке өмірдегі жаңалықтарға қарай ауыссақ! Бүгінде отандық шоу-бизнестегі бойдақ жігіттердің тізімінде барсыз. Жалпы, жанұя құру жайлы жоспар сізді қаншалықты мазалайды? Сүйгеніңіз бар ма?!

– Қазір енді сөйлесіп жүрген бір ару бар. Бұйырса енді уақыт көрсетеді. Бірақ, дәл қазіргі таңда ұнатып жүрген жайым бар. Жақын күндері ата-анаммен міндетті түрде таныстырамын. Өйткені, ол қызға сенімім мол. Ол аруға сенімді болмасам, ондай ойлар да туындамайтын еді.

– Ал, екі жастың таныстығы қалай бастау алды екен? Өткен шаққа сәл саяхат жасасақ…

– Мейрамханада таныс болдық. Ол сол жерде жұмыс істеп жүрді. Өзім барып танысып, ешқандай интернет емес, ешқандай бір виртуалды әлемде танысқан жоқпын. Жігіт ретінде өзім танысып, әңгімеміз жарасып, қазіргі таңда көңіл жарастырып жүрген жайымыз бар.

толеповововово

– Жалпы, Төлеповтер жанұясында келінге қояр қатаң талаптар бар ма? Немесе Артурдың болашақ жары қандай болуы керек?

– Бастысы өзімнің талғамым. Ата-анамды сыйласа болды. Ондай бір дәптерді ашып алып, «бірінші пункт мынадай болуы керек, екінші пункт анандай болуы керек» – деп айтатын адам емеспін. Сондықтан, ата-анама деген сыйластық болса жеткілікті.

– Сүйген сұлуды жолықтырдыңыз, жуырда ата-анаңызбен таныстыруды жоспарлап жүрсіз. Соған қарағанда жуырда Артур Төлепов бойдақтықпен өмір қош айтысып, тойдың да ауылы алыста емес сияқты ғой?

– Есімін алдағы уақытта айтатын боламын. Бұйырса үйленген кезде барлығын естисіздер ғой. Жалпы, мен жұбайын жасыратын өнер адамдарының қатарынан емеспін. Үйленсем, үйлендім деп айтамын. Сол кезде барлығын біле жатарсыздар. Бірақ бір ғана ақпарат айта аламын. Болашақ жарымның өнерге қатысы жоқ!

 – Шынайы сұхбатыңызға мың алғыс. Алдағы уақытта Артур Төлеповтің ақ құсын қолына қондырған қуанышты күнінде қауышайық. Бақытты болыңыздар! 

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет ата-анасының өлімі жайлы айтты

Ақбота Керімбекова өзінен 8 жас кіші күйеуімен қалай табысқанын айтып берді

Қайын жұрт пен төркін: Жазира Байырбекованың екі елді салыстыруы жұрттың көзіне жас келтірді

Нұрлан Еспанов өнердегі інілерінің не себепті әйелдерін жасыратынын түсіндірді

 

Талқылау