Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйін сатып, балаларын мектептен шығарып алған отбасы жер-жаһанды шарлап жүр (видео)

Ипотека төлеп, балаларының болашағы үшін ақша жинаудан шаршаған отбасы күндердің күнінде бұл өмірден бас тартты. Олар мұндай өмірді армандамағандарын түсінді. Ақыр аяғында үйлерін сатып, балаларын мектептен шығарып алды. Есесіне бүгінде жер-жаһанды шарлап жүр.

Бұл туралы Mirror-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.

35 жастағы Крис Джексон мен оның әйелі Донна осыдан бір жыл бұрын ғана Лондонда жұмыс істеп, қаладағы элиталы аудандардың бірінде тұратын. Екі бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылар өзге отбасылардан ерекшеленбейтін. Ал бүгінде олардың өмірі түбегейлі өзгерген. Отбасы әлемнің жартысын аралап, бүгінде Торонтоға жетті және мұнымен тоқтап қалмақ емес.

Өмірді босқа өткізбес үшін отбасы бәрін тастап, саяхаттау жөн деп шешкен.

Сегіз жасыр Элли мен алты жасар Майли мектепке бармайды. Ата-анасының пайымынша, бұл жаста мектеп күте тұрады.

Осыдан бірнеше ай бұрын отбасы өмірлерін түбегейлі өзгертуге бер буады. Багам аралдарынан бастап, Арубу, Коста-Рика мен АҚШ-ты аралаған олар Канадаға да атбасын бұрған.

“Бұл тек қана басы. Бұл өмірлік қызық. Әйелім екеуміз де медицина саласының маманымыз. Ол медбикеге оқыды, ал мен жұмыс істедім. Екеуміздің бос уақытымыз өте аз болатын, балаларды да сирек көретін едік. Сондықтан да бәрін тастап, өмірді жаңадан бастадық”, – дейді отағасы Крис.

Доннаның пікірінше, күн сайын бір іс-әрекетті қайталай берген дұрыс емес. Қызықты нәрсе жасаудың орнына адамдар уақыт өткізіп, қартайып барады.

Джексондер отбасы инстаграмм мен YouTube-тен канал ашып, жеке сайттарын іске қосқан. Олар саяхаттау туралы блог жүргізеді.

2018 жылы бұл отбасы Вьетнам, Камбоджа мен Қытайға барып қайтпақшы.

Саяхат барысында Джексондер ақшаны үнемдеп ұстайды. Қарапайым дәмханалардан тамақтанып, қонақ үйге бартер (жарнама жасау арқылы тегін айырбас) есебінде тоқтауға тырысады. Дегенмен мұндай өмір оларға ұнайды.

“Адамдар саяхаттағым келеді, бірақ қорқамын деп жиі айтады. Бір айтарым, саяхаттаудың оңтайлы уақыты жоқ. Өміріңіз ұнамаса, оны өзгертетін жалғыз адам – ол сіз. Сондықтан қазір әрекет ету керек”, – дейді Крис.

Жіберіп алмаңыз:

Түрмеде көз жұмған ер адам мәйітханада тіріліп кетті

Арабияда медбикелер қауіпті инфекция жұқтырған сәбиді мазақ еткен (видео)

Қытайдағы ең бай әйел төрт күнде 2 миллиард доллар тапты

Лондонда 300-ге жуық жолаушы метроға шалбарсыз келген (видео)

Талқылау