Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде үй иелері жалға алушыларды баспанасына тіркеуі шарт

Өткен жылдың 22 желтоқсанында «Экстремизм және терроризмге қарсы күресу мақсатында ҚР кейбір заңдарына өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң күшіне енген болатын. Енді азаматтар жұмыс бабымен немесе басқа да бір мақсатпен басқа қалаға келсе, міндетті түрде тұрған жері бойынша тіркелуі керек.

022

Ал баспананы жалға беретін азаматтар оларды өз пәтеріне немесе үйіне тіркеуі шарт. Ескерту бір ай көлемінде ғана жасалады. Ал бір айдан соң құқық қорғау органдары талапты орындамаған азаматтарға айыппұл салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Көші-қон департаменті бастығының орынбасары Галина Сәрсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Негізгі заң күшіне енгенннен кейін, біз 1 ай көлемінде Қылмыстық кодекстің талабы бойынша кейбір заңнамалық нормативтік актілерге өзгерістер енгізуге міндеттіміз. Яғни азаматтар заңда көрсетілген талапты орындамағаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады, ал әкімшілік жауапкершілікке кім тартылуы керек деген мәселелерді қарастырамыз. Яғни бір айдан соң біз жұмыс істеуді бастаймыз», – деп жауап берді Сәрсенова журналистердің сауалына.

Айта кетейік, бүгін ҚР ІІМ өкілдері еліміздегі азаматтарды тіркеу қағидасына неліктен өзгеріс енгізгенін түсіндірген болатын. Бұл заңдағы өзгерістер қоғамда қызу талқыға түсуде.

Жіберіп алмаңыз:

«Бір шәугім шай» немесе «күлің шашылмасын» сөздерінің мәнісі қандай

Әлемдегі қараусыз қалған орындар: Қарағанды облысы, Шахан ауылы

Ақтөбелік жігіт селфи жасау үшін аттракционның төбесіне шықты

Талқылау