Үш қыздың анасы: Қайын сіңілім біздегі ұлын тартып ала ма деп қорқамын
Үш баланың анасы қайын сіңлісінің әрекетін түсіне алмай жүр. Жуырда қайын сіңлісі оларға өзінің некесіз туған баласын берген екен. Енді келіншек ол әлгі баланы қайтадан алып қоюы мүмкін деп қорқып жүр.
Бұл туралы «Әйел құпиясы» парақшасында жазылды.
«Былтыр тамыз айында қайын сіңілім ауылдан қалаға оқуға келді. Бір ай бойы кең көйлек, кең кеудеше киіп жүргенін байқадым. Іші де томпиып қалыпты. Қыз бала болған соң, ашып ешнәрсе сұрай алмадым. Бір күні анализ тапсыруға алып бардым. Гемоглобині 53-ке түсіп кеткен екен. Ақыры жүктілігіне 36 апта болғанын білдік. Ішіндегісі ұл екен. Менің үш қызым бар еді. Ол ауруханада баладан бас тартатынын айтты. Содан осы баланы біз сұрап алдық. Жуырда босанды. Жігіті ағайынымыздың баласы болып шықты. Ол жағдайды білген соң үйленуге дайын екенін жеткізді. Бастапқыда баланы достарына бермек болды. Артынша айнып келіскеніміздей бізге берді.
Арада 8 ай өтті. Енді қыздың ойында не бар екенін біле алмай жүрмін. Түбінде алып кетеді деп қорқамын. Баланы өз атымызға жаздырып алғанымызбен, оған шын көңіліммен мейірім бере алмаймын. Қатты басым қатып кетті. Бұл жағдай туралы қыздың әке-шешесі біледі. Баланы бекер алған сияқтымыз. Қайын сіңілім баланың тағдырымен ойнап жүр. Өзінің қара басын ғана ойлайды. Балаға жақсылап қараймын. Басында ешнәрсе мазаламаған еді. Бұл туралы енем біраз адамға айтып қойған екен. Олар үйге келіп, «Қылықтарының барлығы туған шешесіне ұқсайды екен» деп жиі есіме салады. Қонақтардың осы әрекетінен-ақ шаршап біттім. Қыздың бір жоспарлағаны бар сияқты. Ашығын айтса жақсы болатын еді. Бәрінен бұрын, қыздарымның қиналмағанын қалаймын.
Қайын сіңілім мен жігіті өзара туысқан болып шықты. Яғни елдері жеті атадан аспаған екен. Біз мал сойып, қариялардың алдынан өтуді ұсындық. «Дайын емеспіз» деп әлі жүр. Жуырда жігітті ұрып, өзіне жоламайтындай етіп жіберді. Барлығы осы қыздың ырқына көніп келеді. Кейін бізден баласын сұрап қалса, қайтармасқа амалымыз болмайды. Ағайыннан ешкім безіп кетпейді. Алдында әңгімеге тартып, жігітімен отбасын құруға, баласын қайтарып алуға кеңес берген болатынмын. Ол мені үндемей күйдірді», – дейді Жансая Омарова.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық келіншек үшінші баласын тууына қарсы болған күйеуіне ренжулі
Тұрмысқа шықпаған қыз: Отбасылы жігітке қатты бауыр басып қалдым
Қазақстандық ана ұлына мектептегі қысым туралы айтуға тыйым салған ұстазға наразы
Жүкті келіншек: Күйеуімнен басымнан ұрмауын жалынып сұраймын