Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда 15 долларға саудаланған оқушы қыз құлдықтан қашып құтылды

Үндістанда 11 жастағы мектеп оқушысы қожайынынан қашып кетті. Ол 15 долларға сатылып, құлдыққа жегілген екен.

pic_f743f9500d55f355a32c4ceea5e671fe

Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Жетінші сынып оқушысы Тамилнад штатындағы Тируварур ауылында ата-әжесімен бірге тұрған. Оның ата-анасы қыз өмірге келгеннен кейін сәбиден бас тартқан. Алайда ата-анасының бірі оны сабақтан алып кетіп, үйден 300 шақырым қашықтықтағы Тамбарам қаласына апарып, таныстарына сатып жіберген.

Оқушы ол үйде тәулік бойы жұмыс істеген. Ал ақысына не ақша, не тамақ бермеген. Ақыры шыдамаған ол, жексенбі күні үйдегілердің бәрі ұйықтап жатқан кезде қабырғадан секіріп қашып кеткен. Бұдан соң қожайын полицияға хабарласып, алыс туысым жоғалды деп қызға іздеу салған.

Қазіргі таңда қыз мемлекетік баспанада отыр. Ал оның бұрынғы қожайынына өзгені құлдыққа жеккені үшін айып тағылды.

Үндістанда балаларды ұрлап әкетіп, олардың еңбегін пайдалану кең тараған. Ресми деректер бойынша, 2015 жылы құл саудасы әлдеқайда өскен. Оның 43 пайызында кәмелетке толмағандар саудаланады екен.

Оқи отырыңыздар:

Эквадорда трансгендерлер жұбының сәбиі пайда болды (фото)

Атасы мен әжесі науқас немересін 6 жылдан бері байлауда ұстап отыр

Мексикада 300 жастағы мумия көзін ашты (видео)

Талқылау