Үнді әйелі бала туғаннан кейін екі есе кішірейіп қалған (фото)
Үндістанда ауылдық жерде тұратын Шанти Деви үшінші баласын босанғаннан кейін біртүрлі ауруға тап болған. Ол бірден екі есеге шөгіп кеткен.
Фото: rosbalt.ru
Әйел денесінің ешбір бөлігін өз бетінше қозғалта алмайды. 25 жылға жуық уақыт бойы ол басқа ауылдастары секілді қалыпты денсаулық жағдайында өмір сүріпті.
Қазір ол өз балаларының көмегіне зәру. Ол осындай жағдайда 20 жыл бойы жатыр. Төсекке таңылған әйел ерекше ауырлықты сезінеді екен.
Күйеуі Гангачаран Кушваханың айтуынша, үшінші баласын туамын дегенше ол денсаулығына қатысты шағым айтпаған. Ал сәбиді туа салысымен өте жай әрі әлсіз қимылдап, бірнеше айдан соң сүйектері ауырған. Кейін әдеттегі бойынан 15 см-ге дейін төмендеп кетеді. Күйеуі оны дәрігерлерге көрсеткенімен, ешқайсысы көмек бере алмапты.
Жергілікті дәрігердің сөзінше, ол сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдығуы мүмкін. Бұл бірінші кезекте сүйекте коллагеннің жетіспеушілігіне тууы ықтимал дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Корей қызы қазақ тілін 3 ай ішінде үйреніп алғанын айтады
Биылғы жылдың қазан айы 800 жылда бір қайталанатын ерекше қасиетке ие
Асхат Тарғын бұрынғы әйелімен қызғаныштың кесірінен ажырасқанын айтты