Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шымкентке келін боламын": Балжан Бидаш жақсы жаңалығын бөлісті

Өнері мен өмірі ел аузында жүретін Балжан Бидаш әзілмен астарлап айтса да, жақсы жаңалықтың шетін шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Әнші қалыңмал мәселесін де қозғап өтті. 

“Шымкенттің тойындамын. Сіңлімізді ұзатуға қонақ болып келдік. Шымкентке келін болып қалатын болдым. Қалыңмалға 20 миллион береміз дейді, аз ба, көп пе?" – деп әзілдеді әнші. 



Сонымен қатар эстрада жұлдызы, хит әндердің орындаушысы Балжан су жаңа “Қателігімсің” әнінің тұсауын кесіп, Қазыбек Құрайыштың жеке концертінде үлкен сахнада орындады.

“Қазыбек досым су тасқыннан зардап шеккен ағайынға қолдау көрсетейік деп концерт туралы сөз бастағанда бірден келістім. Себебі осы наурыздың соңында алғаш жаңалық естігеннен елді де, әрбірімізді де уайым басты.
Сол апатты аймақтарда жүгіріп жүрген барлық құтқатрушылар, дәрігерлер, волонтерлер, әскерилер, әр бей-жай қарамаған баршаға осы ретте мың алғыс. Біздің біріккен күшіміздің қаншалықты мықты екеніне, рухымыздың қаншалықты мықты екеніне көз жеткізіп жатырмын… Лайым мықтылығымыз сынға түспесін…”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары әншінің әні мен сахналық образына ерекше таңдай қағып, тамсанып жатыр. 

“Ерекше болып тұрсыз”, “Жахан жарқырата алмады”, “Сенің сахнаға деген махаббатың бәрін жеңіп шықты. Сен жеңімпазсың”, “Сөз жоқ, отсың”, – жазды тыңдарман қауым. 

Еске салайық, Балжан Бидаш “Егіз-лебіз” жобасындағы жұбы, футболшы Ұлан Қонысбаевтың жақындарымен танысқанын жазған едік. 

Талқылау