Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы зілзала: Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сауалнамадан өтуге шақырды

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезіндегі жүріс-тұрыс қағидалары бойынша сауалнамадан өтуге шақырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Министрлік таратқан ақпарат бойынша, 2024 жылғы 4-25 мамыр аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында "Сіз жер сілкінісі кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын білесіз бе?" тақырыбында сауалнама жүргізіледі.

Сауалнама мақсаты – азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру, олармен кері байланыс орнату.

Сауалнамадан төтенше жағдалар министрлігінің интернет-ресурсының басты бетінде "Маңызды/Сауалнама" бөліміндегі сілтемені басып өтуге болады.

Айта кетейік, бұған дейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жариялады. Ол биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын және соңғы қоңырау өтетінін ескертті

Талқылау