Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үлкен құс камера алдында жыланды тірідей жеп қойды (видео)

Аустралиядағы Тевантин қаласының тұрғындары жыланды тірідей жеп қойған кукабараны видеоға түсіріп алған.

Бұл туралы ABC News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Уильям Уотсонның айтуынша, оның үйінің ауласынан біртүрлі дыбыстар шыққан. Мұнан кейін ол дуалда жыланды тірідей жеп отырған құсты көріпті. Кукабара жыланды небары 10 минутта жеп қойған.

Үй иесі өз ауласынан кукабараларды жиі көретінін айтты. Алайда мұндай жағдайға алғаш рет куә болыпты.

«Мұндайды күнде көре алмайсың», – дейді ол.

Айта кетсек, кукабаралар Аустралия және Жаңа Гвинеяда мекендейді. Бұл құстар жәндіктер, кеміргіштер, кесірткелермен және жыландармен қоректенеді.

Оқи отырыңыз:

Піл аузынан түтін шығарды: ғалымдар оның себебін түсіндірді

Ғалымдар: Жаз мезгілі екі айға ұзарады

Ескі телефонды сыйға алған қаңғыбас әлеуметтік желіде жұлдызға айналды

Бүкіл денесіне татуировка жасатқан ер адам бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп жүр (фото)

Талқылау