Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Зың-зың” әнінің авторы қайтыс болды

Ел арасында кеңінен таралып кеткен “Зың-зың” вирусты әуенінің авторы, жас музыкант Болат Нұрымов мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қайғылы хабарды елге әнші Серік Ибрагимов жеткізді.

“Ассалаумағалейкум, жақындар! Айтайын дегенім, қамшының сабындай өмірде сыйласып өтейікші! Қолымыздан келгенше жақсылық жасайық, келмесе үндемейік! Кешірім сұрайық, кешірейік! Бүгін бармыз, ертең жоқпыз! Шынында да жалған дүние! Біздің сөзіміздің, істеген ісіміздің, жазған жазумыздың қайсысы соңғы екенін Алла ғана біледі! Сондықтан жақсы амал жасап жүрейікші! Жамандық жасаймыз деп, келмейтін сапарға аттанып кетіп, өкініп қалмайықшы!

Суретте тұрған бауырымның, досымыздың есімі Болат! Ол бауырымыз енді арамызда жоқ! Өте жақсы адам еді! Кішіпейіл, ақ көңіл жігіт болатын! Бақилық болды! Алла мейіріміне алсын! Мейірімі шексіз Аллаxым жәннәттан орын бер! Кешірімді Алла баршамызды кешір! Ия Аллам рақымыңа алғайсың! Аумин! Дұға жасап қойыңыздар, ағайын! Алла жар болсын, баршамызға!” – деді Серік Ибрагимов.

Оқи отырыңыз: 

 “Зың-зың”, “жоқ-жоқ”: Мақпал Жүнісова мағынасыз әнге әуес әншісымақтарды сынап тастады

Мұқасан Шахзадаев Төреғалиға: Халық мақтап жатыр екен деп бетімен кетуге болмайды (видео)

Ернар Айдардың ата-анасы келіндері туралы бар шындықты ашып айтты

Кенжебек Жанәбілов: “Музарт” деген кезде көлеңкеде қалғандай сезінемін

Талқылау