Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрсін Ерман Баянауыл ауданының құрметті азаматы атанды

Халықаралық жыршы термешілер одағының төрағасы, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жүрсін Ерман Баянауыл ауданының құрметті азаматы атанды.

Сурет: Айтыскер порталы

Бұл туралы pavlodarnews.kz басылымы хабарлайды.

Павлодар облысының Баянауыл ауданында Жұмат Шаниннің 125 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті Айтыс шымылдығын аудан әкімі Оразгелді Қайыргелдинов ашып, ҚазақКСР-нің халық әртісі, қазақ театрының негізін салушы Жұмат Тұрғынбайұлы Шаниннің мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар, аудан басшысы ақын Жүрсін Ерманға «Баянауыл ауданының құрметті азаматы» төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ, дәл осындай атақ Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовке және осы ауданның әлеуметтік-экономикалық, ауыл шаруашылығы және білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға берілді. Айтысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 16 ақын қатысты. Атап айтар болсақ, Арқалықтан Айбек Қалиев, Алматыдан Рүстем Қайыртайұлы мен Шұғайып Сезімхан, Астанадан Еркебұлан Қайназар мен Әсем Ережеқызы, Қарағандыдан Мақсат Ақанов пен Дидар Қамиев, Қызылодардан Мейірбек Сұлтанхан, Шымкенттен Қалижан Білдәш пен Дәурен Ақсақалов, Павлодар облысынан Аспанбек Шұғатаев, Қуанышбек Шарманов, Нұрқанат Қайрат, Оңғар Қабденов, Тілек Сейітов, Мәрес Байрон келді.

Айтыстың қорытындысы бойынша Жұмат Шанин атындағы арнайы жүлдеге Арқалықтан келген арқалы ақын Айбек Қалиев лайық деп танылды. Ал, үшінші орын екі ақынға берілді. Олар – қарағандылық Дидар Қамиев пен астаналық Еркебұлан Қайназар. Астанадан келген Әсем Ережеқызына екінші жүлде бұйырды. Ал, Баянауыл ауданының намысын қорғаған Аспанбек Шұғатаевқа бірінші орын бұйырса, айтыстың бас жүлдесін және 1,5 миллион ақшалай сыйлықты Қарағанды облысынан келген Мақсат Ақанов жеңіп алды.


Жіберіп алмаңыз:

Дастан Оразбеков әріптесімен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты

Әнші Гаухар Қаспақова сахнадан көрінбеуінің себебін түсіндірді

Төреғали желіде Ерке екеуін масқаралаған видеоға қатысты түсініктеме берді

Алтынай Жорабаева: Ажырасамын деп күйеуге тиген жоқпын

Талқылау