Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылап, суға батып өлмек болған: ӘЧ-де жеңіліп қалған Англия құрамасының жанкүйерлері қалай қайғырды (фото)

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Хорватия мен Англия құрамалары кездесті. Тартысты ойын нәтижесінде англиялықтар 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Өз кезегінде Англия құрамасының жанкүйерлері жеңіліс үшін қатты ренжіп, тіпті, кейбірі суға батып өлмек болған.

Жылап, суға батып өлмек болған: ӘЧ-де жеңіліп қалған Англия құрамасының жанкүйерлері қалай қайғырды (фото)

Бұл туралы Daily Мail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сүйікті құрамасы жеңіліп қалғаннан кейін, англиялық жанкүйерлер көз жасын тия алмады. Жанкүйерлердің көбі ішімдіктің көмегімен «жан жарасын» емдемек болған.

Жылап, суға батып өлмек болған: ӘЧ-де жеңіліп қалған Англия құрамасының жанкүйерлері қалай қайғырды (фото)

Жылап, суға батып өлмек болған: ӘЧ-де жеңіліп қалған Англия құрамасының жанкүйерлері қалай қайғырды (фото)

Тіпті ұлттық құраманың ойыншылары да көз жасына ерік берді.

Жылап, суға батып өлмек болған: ӘЧ-де жеңіліп қалған Англия құрамасының жанкүйерлері қалай қайғырды (фото)

Жылап, суға батып өлмек болған: ӘЧ-де жеңіліп қалған Англия құрамасының жанкүйерлері қалай қайғырды (фото)

Тіпті, кейбірі батып өлуді ойлап, суға  секірген. Құтқарушылар сүйікті құрамасының жеңілісі үшін қайғырған жанкүйерлерді Бирмингемдегі арықтан шығарып алып жатты.

Жылап, суға батып өлмек болған: ӘЧ-де жеңіліп қалған Англия құрамасының жанкүйерлері қалай қайғырды (фото)

Англия құрамасының жанкүйері ойынды көру үшін Ресейге келген.

«Мен мұнда 5 апта болдым. Осында болған уақытымның әр минутынан ләззат алдым. Алайда бұл ойын менің жүрегімді жаралады. Тіпті шығынға ұшырадым», – дейді ол.

Айта кетсек, Англия футбол ойынының отаны саналғанымен, аталған мемлекеттің құрамасы әлем чемпионатында тек бір рет жеңіске жеткен.

Естеріңізге сала кетсек, футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Хорватия құрамасы жеңіске жетіп, финалға шықты. Ал Англия құрамасы үшінші орын үшін таласатын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау