Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт Төреғали мен Қайраттың бір-біріне еліктеп жүргендерін айтты

Қос әншінің тыңдармандары олардың бір-біріне еліктеп жүргендерін айтты. Мұнымен қатар, Төреғали мен Қайраттың кей қылығын сынға алды.

1

Фото: іnstagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін тыңдармандары Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі және Ернар Айдар үшеуін салыстыратын. Олардың өзара бір-біріне еліктеп жүргендерін айтып әжуалағандар да болған-ды.

Жұрттың бұл сөзінің жаны бар сыңайлы. Себебі, әншілер ұқсас стильдегі әндерді орындап қана қоймай, ұқсас киімдер киеді. Тіпті, әншіліктен бөлек қолға алған кәсіптері де бірдей.

Төреғали Төреәлі әріптесі Қайрат Нұртас секілді өз атынан киімдер дүкенін ашқан. Мұнымен қатар, әріптесі секілді өнер жолын Қазақстанның түкпір-түкпірін аралаудан бастаған. Барша Қазақстан біле бермейтін кішкене ауылдарға да барып концерт қойған.

Десе де, әншілер жұрттың сөзіне көп мән бермейтін сыңайлы. Олар Каспий теңізіне барып демалып қайтқан-ды. Аталған демалыстағы суреттерін көрген желі қолданушылары оларды бір үйдің егіз баласына теңеді. Мұнымен қатар, Төреғалиді “танауын шүйіріп тұр” деп өзімшілдігін айтып сынағандар да болды.

Бірі  “Екеулеріңіз ұқсайсыздар. Өнерлеріңізге табыс тілеймін”, “Екеуіңнің достықтарың мәңгі болсын”, “Қазақтың қара балаларының қаймақтары” десе, екіншілері  “Шаштарын –ай құрсын”, “Екеуің бір-біріңе еліктеп жүрсіңдер ме?”,

“Төреғали не деген өзімшілдік? Сіздің əндеріңізді сүйіп тыңдайтындар Ақтау əуежайынан сондай өзімшіл қылығыңызды көріп таң қалды. Қайрат өте қарапайым. Ашық жүзді, ешқандай артық міні жоқ. Өте қарапайым жан. Жарайсың, Қайрат!” сынды пікірлер білдірген.

Еліктеуге қатысты әншілердің өзі пікір білдірмесе де, продюсерлері жауап берген. Олар халық не десе де, әрқайсысының дара жолы бар екенін айтады.


Жіберіп алмаңыздар:

Қазақ эстрадасында кімнің кімге еліктейтінін әншілердің өздері айтты (видео)

Қайрат Нұртас әріптесінің әнін жанды дауыста орындап жұртты тамсандырды (видео)

Қазақстандық әншілердің тойдағы мөлшерлемесі қанша

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан қайта табысты

Талқылау