Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас әріптесінің әнін жанды дауыста орындап жұртты тамсандырды (видео)

Әнші Қайрат Нұртас өнердегі әріптесі Ернар Айдардың “Сонда да сүйем” атты әнін жанды дауыста орындап жұртты тамсандырды.

image

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тыңдармандары Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі және Ернар Айдардың ән орындау мәнері бір-біріне қатты ұқсайтындығын айтады. Мұнымен қатар, киіну стильдерін де ұқсатады. Десе де, әншілердің өздері мұны жоққа шығарады. Олар әрқайсының өз алдында дара жолы бар екенін айтады.

Осы ән,ұнайды👍

Видео опубликовано Кайрат Нуртас (@kair_n)

Жуырда Қайрат Нұртас Алматы қаласының “Алмалы” мейрамханасында әріптесінің әнін жанды дауыста орындады. Тыңдармандары әннің тек Ернар Айдардың орындауында жақсы етілетіндігін айтып жатыр. Арасында Қайрат Нұртасқа көбірек жарасатындығын тілге тиек еткен жандар да бар. 

Бірі “Әнді қай әнші бірінші алып шықса, соған жарасады”, “Бұл әнді Ернар Айдардың өзі керемет айтады” десе, екіншілері “Тәп-тәтті өзі даусы керемет”, “Жалпы әнге деген махаббатыңыз көрініп тұр”, “Бұл әнді сіз орындай берсеңіз болады екен” сынды пікірлер білдірген.


Жіберіп алмаңыздар:

Қайрат Нұртас ауызашарға Тәжібаеваны шақырып, өз қолымен кәуап пісіріп берді (фото, видео)

Қайрат Нұртас өз денсаулығына Головкиннің алаңдап жүргенін айтты

Тұрсынов: Қайрат Нұртас пен Заттыбектің әнін зал толы маймылдар тыңдайды

Қайрат Нұртас намазға жығылды (фото)

Талқылау