Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас өз денсаулығына Головкиннің алаңдап жүргенін айтты

Күні кеше отандық бағдарламалардың бірінде Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі тоқтаусыз жұмыс істейміз деп ауырып қалғандарын айтқан болатын. Төреғали ауруханаға түсіп ем алса, Қайрат Нұртас өзіне 10 күндік демалыс жариялаған екен. Осылайша шаршап жүрген әшіге Генадий Головкин денсаулығын күтуге кеңес берген.

image-55-1

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қайрат Нұртастың өзі сұхбаттарында көп ауырмайтынын айтады. Десе де, бір күнде бірнеше концерт беріп, той-томалақ аралау өзіне қиындық тудырса керек. Арасында ем қабылдап тұрады екен.

Мерекелік отырыстардың бірінде Қайрат Нұртас пен Генадий Головкин жолығып қалған. Аталған отырыста танымал боксшы әншінің қалын сұрап, артынша денсаулығын күтуге кеңес берген.

“Досыма сәлем! Гена денсаулығыңа қарап жүр дейді маған”, – деп әнші боксшының өзі үшін алаңдап жүрген жеткізді.

11

Бұл суретті көргендер Қайрат Нұртасқа зор денсаулық тілеп, суреттегі қос тұлғаның қазақтың мақтаныштары екенін айтқан. Арасында “Генамен суретке түсемін деп терлеп кетіпсіз ғой” деп әжуалағандар да бар.


Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандары Қайрат Нұртастың әкесі қырғыз екенін айтып жатыр

Шымкентте “алтын” көлікпен той серуеніне шыққан Қайрат Нұртастың інісі (видео)

Қайрат Нұртас тыңдарманына сахналық киімін сыйға тартты (видео)

Қайрат Нұртас үнділерден ән ұрлап жүр ме

Талқылау