Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас үнділерден ән ұрлап жүр ме

Елімізге танымал әнші Қайрат Нұртас сәуір айының 3 жұлдызында тыңдармандарына “Жаным” атты жаңа әнін сыйға тартқан еді. Алайда әншінің жаңа әні “Алтын жүрек” үнді фильмінің саундтрегі болып шықты.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншінің сөзін өзгертпесе де, әуенін сол күйінде қалдырғанын желі қолданушылары бірден байқаған. Тіпті оларды өзара салыстыруға кіріскен-ді.

Тыңдармандардың бірі “Қайрат өнеріңіз өрге жүзе берсін! Ренжімеңіз, бірақ сіз орындаған нұсқа мүлдем ұнамады. Мына өлең тек атағыңыз бен даусыңызға бола бағаланар. Сөзі мен әні сәйкес келмейді” десе, енді бірі “Мен “Dilwale janym” фильмінің саундтрегін тыңдадым. Оның қасында сіздің әніңіз күшті. Даусыңыз керемет! Жалпы сіздің әндеріңіз қатты ұнайды. Өзім басқа ұлттан болсам да, сіз үшін, әндеріңіз үшін қазақ тілінде сөйлеуді үйрендім” деп әншіге шексіз алғысын білдірген.

“Алтын жүрек” немесе “Ғашықтар” деп аталатын үнді фильмі 2015 жылы түсірілген. Басты рөлдерде Шакрукх Кхан, Каджол сынды актерлер ойнайды.

Естеріңізге сала кетсек, әнші Қайрат Нұртастың орнына Мәжіліске пойыз машинисінің өткені туралы хабарлағанбыз.

Талқылау