Қазақстандық әншілердің тойдағы мөлшерлемесі қанша

Сәрсенбі, 8 Маусым , 2016 11:57

Бүгінде тойшыл қауымның қуанышы қазақстандық әншілерсіз өтпейтіні рас. Олар қалай да болсын жұлдызбен келісіп, өз тойларында әсем әуен естігісі келеді. Мұны жұлдыздардың өздері де жасырмайды. Тіпті бір күнде бірнеше тойға баратындарын айтып жатыр. Олай болса, қазақстандық жұлдыздардың тойдағы мөлшерлемелері қанша?

новый коллаж

Бұл сұрақтың жауабын 31 арна тілшілері іздеп көрді.

Бастапқыда көп әнші бұл сауалға жауап беруден бас тартқан. Алайда Қайрат Нұртастың анасы баласының мөлшерлемесі барлық қазақстандық әншіден жоғары екенін мақтана айтқан.

“Мұндай әңгімені айтқым келмесе де, бүкіл Қазақстан Қайраттың қанша сұрайтынын біледі. Өйткені Қайрат күнде тойға барады. Оныкі ең жоғарғы гонорар деп айтсам да болады. Телефон соққанда, өз бағамды айтсам, көбісі келіседі. Басқа әншілер қазір 4-5 мың долларға шығып жүрсе, Қайратты тойға 7 мың долларға шақырады. Ол 7 мың доллардың үстіне қосып берейік, бізге Қайрат керек дейтіндер көп”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

1

Серік Ибрагимов – 350-900 мың теңге

Қайрат Нұртастың мөлшерлемесі екі жылдан бері осылай тағайындалып келе жатыр екен. Ал Серік Ибрагимовтың продюсері Алтынбек Рахметов мырза 2-3 мың долларды қанағат тұтанынын айтады. Әншінің өзі ақша мәселесіне мүлдем араласпаймын дейді.

“Мөлшерлеменің қанша болатыны халықтың қалауына байланысты. Егер әншіні 1 000 долларға шақырса, солардың берген бағасы деп білемін. 10 мың долларға шақырса да, ол да солардың берген бағасы. Біз 10 мың долларға шығамыз деп өтірік айтпаймыз. Тіпті 5 мыңға да шықпаймыз. Бізге $1 000, $2 000, $3 000 жетеді. Соған шүкіршілік етеміз”, – дейді Алтынбек Рахметов.

1396200176_img-20140123-wa0028

Ғалымжан Жолдасбай – 400-450 мың теңге

Бүгінде тойда “Құдаша қыз, Маржан” әнін айтып, жұртты тамсандырған Ғалымжан Жолдасбайдың мөлшерлемесі 400-450 мың теңге ғана.

2

Айқын Төлерберген – 700 000-1 200 000 теңге

Ал Айқын Төлепберген мөлшерлемесін ашып айтудан бас тартты. Тек сыйлықпен, жылқымен алуға тырысамын дейді әзілдеп.

KqteVm7nXQs

Доллар бағамы өзгергелі Шаһизада мөлшерлемені тағайындаудың қиынға соғып жүргенін айтады.

“Тойдың мөлшерлемесін айтамыз деп миымыз ашып қалды. Баяғыда долларды айта беретін едік, қазір қорқамыз. Өйткені көбісі курстың өзгергенін айтып, есеп жүргізе бастайды. Сондықтан өздеріңіз біліңіздерші дей саламын. Тіпті ұнамай жатса, бармай-ақ қоямын. Ал ұнап, өз жағдайын түсіндірсе, кіріп шығуға әзірмін. Ал қанша сұрайтынымды айтпаймын”, – дейді Шаһизада.

image-12

Мөлшерлемесіне қатысты сауалға жауап беруден Серікбол Сайлаубек те бас тартқан. Ол мұны өзінің арнайы командасы шешетіндігін айтады.

“Ол сұрақтарға мен жауап бере алмаймын. Өйткені менің жұмысым ән айту ғана. Арнайы команда жұмыс істеп жатыр. Олар – пиар менеджер, директор және т.б. Барлығын сол кісілер шешеді”, – дейді Серікбол Сайлаубек.

image-38

Абай Бегей – 1 млн. теңге

Әнші Абай Бегей доллар көтерілгелі мөлшерлемесінің де өзгергенін айтады. Бұрын доллармен тағайындаса, енді теңгемен айтуды жөн көрген.

“Доллар көтерілмей тұрып, 5-7 мың доллар болатын. Қазір доллар көтерілген соң теңгеге көшті. Қалай болғанда да теңгемен есептесіп жатырмыз. Менің мөлшерлемем – 1 млн. теңге”, – дейді

50754751

“Арай” тобы – $2 000-3 000

Бастапқыда бұл сауалға жауап беруден бас тартқан “Арай” тобы сөз арасында 2-3 мың доллар сұрайтындарын айтып қалған.

1

Жеке шығармашылықпен айналысып жүрген Бейбіт Құшқалиев әнші еңбегінің бағалануы тиіс екенін айтты. Ол дәл қазір жаңа хит әнін жаздырып жатқан көрінеді. Осы әні шыға салысымен мөлшерлемесін көтермек.

“Сізге деген сұраныс көбейген сайын, баға да көтеріледі. Ода тұрған ешнәрсе жоқ. Мұны дұрыс деп ойлаймын. Бұл – еңбек, бизнес, күнкөріс. Ал еңбек міндетті түрде бағалануы тиіс. Менікі аса қымбат емес, қалтаны қатты соқпайды. Бірақ жуырда кішкене өсіремін”, – дейді Бейбіт Құшқалиев.

image

“KeshYou” тобы – 700 000-1 000 000 теңге

Баян Есентаева осыдан екі жыл бұрын берген сұхбатында “KeshYou” тобының мөлшерлемесі 5-7 мың доллар екенін айтқан. Олар тіпті арнайы шақыртумен Америка, Швейцария, Германия сынды мемлекеттердің тойында өнер көрсететін көрінеді.

Ал өзге жұлдыздардың тойдағы мөлшерлемесі төмендегідей:

image-100

Төреғали Төреәлі – $4 000-6 000

1120402540

“МұзАрт” – $4 000-7 000

7534435_m

Ернар Айдар – $2 500-3 500

kap-min

Нұржан Керменбаев – $3 000

42067779

Нұрлан Еспанов – $3 000

13113948_127170197687023_859782596_n

Мақпал Жүнісова – $3 000-4 000

image-16

Заттыбек – 1 000 000 теңге

image-8

Қыдырәлі мен Қарақат – $6 000

50754751

“Арай” тобы – $3 000

kap-min

Тоқтар мен Бейбіт  – 600 000 теңге

12940062_261316447537669_888115556_n

Әли Оқапов – 600 000–900 000 теңге

yvision.kz

Алмас Кішкенбаев – $2 000-3 000

cy-1

Мөлдір Әуелбекова – $2 000

maxresdefault (1)

Әйгерім Қалаубаева – $3 000

654-1-768x512

Жанар Айжанова – $1 500-4 000

image-50

Жанболат пен Жазира – $2 000-4 500

image-5

Бүркіт пен Айша – $2 000-6 000

FD25lIF5kYU

“Арнау” тобы – 3 000-4 000

image-32

Әлішер Кәрімов – $3 000-5 000


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздар халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздар балаларына қойылған ерекше есімдер (фото)

Қазақстандық жұлдыздар жер саудасына қарсылық білдірді (видео)

Қазақстандық жұлдыздардың шын жасы нешеде?

Жеке кәсіппен айналысатын қазақстандық жұлдыздар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар