Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының денесі үш айдан соң өзеннен табылды
Елордадағы күзет фирмаларының біріне жетекшілік ететін Берік Құсайынов есімді азаматтың денесі Ақмола облысындағы өзенге батқан көлік ішінен табылған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.
Еске салсақ, елордалық азамат үш ай бұрын достарымен балық аулауға шығып кеткеннен бері табылмаған болатын. Оған тиесілі Toyota 4Runner автокөлігі Қорғалжын ауданына қарасты Алғабас ауылындағы Нұра өзенінен табылыпты.
Қазіргі таңда арнайы сараптама тағайындалып, істі құқық қорғаушылар қарастырып жатыр. Куәгерлер оның көлігіне мініп белгісіз бағытқа қарай кетіп қалғанын айтқан. Еске салсақ, ол басқаратын “SSS Group” ЖШС фирмасы ЭКСПО-2017 нысандарының қауіпсіздігіне жауап берумен айналысқан.
ЭКСПО-2017 нысандарын күзетумен айналысатын “SSS Group” ЖШС фирмасының басшысы Берік Құсайынов 22 сәуір күні із-түссіз жоғалып кетті. Сағат 19:00-де ер адам әріптестерімен бірге Сабынды ауылына қарай балық аулауға кетіп, қайта оралмаған. Бұған дейін оның әйелі де халыққа арнайы видео үндеу жолдап, күйеуін табуға көмектесулерін сұраған еді.
Оқи отырыңыз:
Таразда дәретханаға тасталған баланы асырап алмақшы болған жұп ұлды болды
6 баланың анасы ішкиімсіз көйлек киіп қазақстандықтарды таңқалдырды (фото)
Әйелін ұрып-соғатын ер азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды
Дәрігерлер бүйрегін алып қойған ақтөбеліктің отбасы шағымдарынан бас тартты